Ағымдағы жылғы қазан айында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) мен Молдова Республикасының «Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік қызметі» мемлекеттік мекемесі (CERT- GOV-MD) Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум киберқауіпсіздік саласында күш-жігерді біріктіру мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) қатерлеріне және инциденттеріне әрекет ету бөлігінде ынтымақтасуды дамытуды көздейді. CERT-GOV-MD – Молдованың АҚ инциденттерін үйлестірумен айналысатын ұйым болып табылатынын атап өтейік. Өз кезегінде, халықаралық серіктестермен ресми қарым-қатынастар орнату өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдегені себепті, Молдова Республикасымен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту екіжақты өзара іс-қимылдың нәтижелілігін арттыратыны сөзсіз. «МТҚ» АҚ KZ-CERT қызметі: FIRST (Forum of Incident Response and Security Teams); CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress); OIC-CERT (Organization of The Islamic Cooperation – Computer Emergency Response Teams); TF-CSIRT (Trusted Introducer for Security and Incident Response Teams); APWG (Anti-Phishing Working Group); APCERT (Asian Pacific Computer Emergency Response Teams) сияқты және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатынын естеріңізге салайық. Жалпы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту нәтижесінде «МТҚ» АҚ әлемнің 100-ден астам елдерімен әрекеттесуде. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы ынтымақтастық екі елдің де АҚ қамтамасыз ету саласына оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Тел: +7-7172-55-99-99 E-mail: info@ cert.gov.kz. incident@ cert.gov.kz.
|