Ағымдағы жылдың 23 маусымында Қоғамдық кеңестің төрағасы А. П. Беклемишевтің төрағалығымен Министрлікте Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында атқарылған жұмыстар туралы цифрлық даму министрі Мусин Бағдат, аппарат басшысы Кенжеғалиев Арман, Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары – Буралхиева Разия, "цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК Бас директоры - Биғари Рүстем баяндама жасады.

Сөзінде министрлік адам орталықтандырылған сервистерді дамыту, қызметтерді проактивті форматқа, құжаттарды цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Министрлік жұмысының арқасында Қазақстан БҰҰ рейтингінде E-gov дамыту бойынша 28-орынды, онлайн қызметтер бойынша 8-орынды иеленді.

Министрліктің стратегиялық мақсаты - "Invisible Government" тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттің азаматпен және бизнеспен жіксіз және жайлы өзара іс-қимылының цифрлық инфрақұрылымын құру болып табылады.

Бұл үшін құралдардың бірі - отбасының сандық картасы.

Сонымен қатар, халыққа қызметтерді жеңілдетумен қатар, бизнеске арналған қызметтерді жеңілдету бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде. Бизнеске арналған eGov таныстырылды.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелеріне Денсаулық сақтау саласындағы жобалар eDensaulyq жобасы - адам денсаулығының электрондық паспорты және жер қойнауын пайдалану - бірыңғай платформа таныстырылды "Minerals.gov.kz".

Қоғамдық кеңес IT-өнімдер экспортының оң динамикасын атап өтті. 2022 жылы экспорт бес есеге өсіп 333 миллион АҚШ долларына жетті.

Бұл бағытта Астана хаб қызметі өз үлесін қосуда.

IT-салада адами капиталды дамыту мақсатында Министрлік TechOrda бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 3 мың Ваучер берілді. Жобаның мақсаты-2025 жылға қарай  20 000 маман даярлау.

Халықты қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету бойынша Қоғамдық кеңес мүшелеріне "қолжетімді интернет"пилоттық ұлттық жобасы таныстырылды.

Аэроғарыш саласының бағыты бойынша Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Р. С. Буралхиева қазіргі уақытта ғарыштық мониторингпен 33,4 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары, 178 млн. га жайылымдар, 20,6 млн. га орман алқаптары, 38,4 млн. га су ресурстары қамтылғаны туралы баяндады.

Бұл ретте 1,1 млн. га пайдаланылмайтын егістік жерлер; 20,1 млн. га егіс алқабы, 5723 стихиялық қоқыс төгетін жерлер, 444 мың тіркелмеген учаскелер анықталды.

Цифрлық трансформация бағыты бойынша қорытындылар мен міндеттер туралы "цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК Бас директоры Биғари Рүстем сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол мемлекеттік басқаруды өзгертудің негізгі міндеті - – деректерге негізделген басқаруға көшу (Data Driven Management)екенін атап өтті.

Негізгі мақсат клиентке бағытталған мемлекет құру.

Сондай-ақ, Биғари Рүстем бизнес-процестерді реинжинирингтеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру бойынша цифрлық трансформация орталығының жұмысын атап өтті.

Кеңес соңында министрлік жұмысындағы Қоғамдық кеңестің рөлін Министрлік жоғары бағалады, сараптамалық бағалау және кері байланыс саланың қоғам игілігі үшін дамуына оң әсер етеді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/580913?lang=kk