Минск қаласында құрылыс жұмыстарына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу және дамыту мәселелері бойынша келіссөздер өтті

Іс-шараға Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, жобалау институттары мен басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Көзделген негізгі мақсат – өзара тәжірибе алмасу.

Жиында ақпараттық модельдеу орталығының директоры Олжас Құсайынов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның елімізде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын енгізудегі рөлі туралы айтып берді. Сондай-ақ озық технологияларды қолдануға қатысты ақпаратпен бөлісіп, цифрлық жобалаудың жаңа форматы туралы баяндама жасады.

Іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша ақпараттық модельдеу саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу жөнінде келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр. 

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/580148?lang=kk