Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің өкілдері Иордания Хашимит Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісінің бірінші кеңесшісі Али Хадидпен кездесті.

Кездесу барысында Astana Hub операциялар жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Ешмұхамбетов пен халықаралық қатынастар, инвестициялар және экспорт басқармасының қызметкерлері қонақтарды технопарк қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, TSARKA және FocusED стартаптарының негізін қалаушылары жобаларының әлеуеті мен жетістіктері туралы айтып берді.

Сонымен бірге, кездесуге қатысушылар қазақстандық инновациялық шешімдерді Иордания нарығына экспорттау және Иорданиядан Қазақстан Республикасына венчурлық қорларды тарту тұрғысынан елдер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды енгізу жөніндегі комиссия отырысында IT-шешімдерін экспорттау арқылы отандық экономиканы әртараптандырудың маңыздылығын айтып өткен болатын.

https://astanahub.com/article/import...