Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Самараға (Ресей Федерациясы) келді.

Сапар барысында ведомство басшысы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозиннің қатысуымен "Прогресс" РКЦ Самар АҚ базасында ("Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді) өткен Қазақстан - Ресей бірлескен "Бәйтерек" жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Тараптар "Бәйтерек" жобасы бойынша жұмыстардың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ оны одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Б. Мусин мен Д.Рогозин "Союз-2" тобының зымырандарын құрастырумен танысып, "Союз-5"перспективалы отбасының өндірістік қуатын тексерді.