Қазақстанда екінші жыл Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні аталып өтті.

Өткен жылы Үкімет қаулысымен 10 қараша - Цирфландыру және ақпараттық технологиялар күні болып белгіленді, жаңа мерекенің пайда болуына сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ЦДАӨМ бастама білдірді. Елімізде бұл салада 182 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Атаулы күнге орай ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мерекелік шара өткізді. Мерекелік шараға мәжіліс депутаттары, цифрлық вице-министрлер, түрлі IT-компаниялар мен бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.

ЦДАӨМ министрі Бағдат Мусин әлемдегі цифрландырудың рөлін атап өтті, оның еліміздегі түрлі секторларын дамытып, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жетілдіру мүмкіндіктері жайлы айтты.

«Цифрландыру экономика, білім, медицина сияқты өмірдің түрлі салаларын қамтып, қазақстандықтардың өмірін оңтайландырады. Бүгінде бір ғана смартфонның арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ уақытын үнемдеп, көптеген қызметтерді ала алады. Төлқұжат, жеке куәлік алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметтерін алу адамдар арасында күнделікті әдетке айналды. Қазіргі таңда 1353 мемлекеттік қызмет қолжетімді, оның 92%-дан астамы немесе 1247-сі электонды форматта көрсетіледі. 2023 жылдың 10 айында 42 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Бұл айына 4 млн-нан астам және күніне 150 мыңнан астам қызмет көрсетіледі деген сөз. Дегенмен, мұның астарында еліміздің цифрландыруына үлес қосып жатқан көптеген процестер мен азаматтардың еңбегі жатыр»,- деп атап өтті ЦДАӨМ министрі Бағдат Мусин.

Сондай-ақ ол смартфон арқылы 13 млн-нан астам адам қызмет алатынын, ал 2023 жылы eGov mobile қосымшасы арқылы 10 млн-нан астам қызмет алатынын баса айтты. Ең жиі қолданылатын 29 цифрлық құжат цифрлық форматқа ауыстырылды. Цифрлық трансформация аясында кейбір қызметтерді алу (нотариус, банк қызметтері) 28 күннен 1 күнге дейін қысқартылды.

«Бейне ХҚО» іске қосылды. Енді қазақстандықтар тек кеңестер ғана емес, қызметтердің жекелеген түрлерін де ала алады, биометриялық технологияның көмегімен электрондық қолтаңба алу процедурасы жеңілдетілді.

Шара барысында «Digital Bridge 2023» форумының қорытындысы шығарылып, қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, есімізде цифрлық инфрақұрылымның қалай құрылғанын және IT-трендтерді тілге тиіек етті.

Шара барысында министр IT саласында 15 жылдан астам қызмет еткен 46 қызметкер мен серіктеске «Үздік цифрландырушы» төсбелгісін табыстады. «Digital Kyran» байқауында цифрландыру тақырыбын үздік жариялаған журналистер мен БАҚ өкілдері де марапатталды.

«Болашақта цифрлық даму саласы Қазақстанға инвестиция тартуға және отандық өнімдерді экспорттауға ықпал ететін әлеуетті сала болады»,- деп түйіндеді Бағдат Мусин.

ЦДИАӨМ баспасөз қызметі