Сіз туралы айналаңыз не ойлайды? Жақындарыңыздың шынайы пікірі қандай? Құпияңызбен бөлісуге қорқасыз ба? Өзгенің пікірі мазалап жүр ма? Осы және басқа да айналаңыздың арасындағы ақиқат - жаңа қазақстандық бірегей GetEmotions қосымшасының арқасында қол жетімді болды.
GetEmotions желісі пайдаланушыларға нақты адамға деген күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын сақтай отырып, жасырын түрде шынайы көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік желі адамдарға өздерінің күшті және әлсіз жақтары туралы жасырын пікір білдіруге, сондай-ақ әңгімелесушіге адам әрқашан қалайтын, бірақ айтуға батылы жетпей жүрген нәрселерді көрсетуге мүмкіндік береді.
GetEmotions миссиясы - адамдарға қарым-қатынастың жаңа формаларынан эмоция беру мүмкіндігінде. Кәдімгі өмірде біреу жанашырлық танытқан адаммен әңгіме бастауға ұялады, біреу басшылықпен кереғар болса, біреу жақындарының кемшіліктерін біліп, оны түзетуін қалайды.
Біздің бойымыздағы мораль мен тәрбие шындықты айтуға және әр нәрсені өз атымен атауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз Getemotions қосымшасын ойлап тапты;, - деген пікірде жобаның авторы Айтуған Омаров.
Айтуған Омаровтың пікірінше, заманауи қоғамда әркімнің өз жақындарына, әріптестері мен таныстарына айтары мол, бірақ тәрбиесі мен қарым-қатынасты жоғалтып алу қорқынышына байланысты көптеген адамдар белгілі бір адамға деген барлық сезімін шынайы түрде соңына дейін білдіре алмайды.
- Біздің басты міндетіміз – толық анонимділік! Сіз өзіңіздің серігіңіз туралы ештеңе білмейсіз және ол сіз туралы ештеңе білмейді. Бұл әлеуметтік желіде бірнеше күндік қарым-қатынас арқылы сіз соңғы 5 жыл аралығындағы уақыттан өзіңіз туралы көбірек мәлімет аласыз. Жаңа қызмет адамдарға өз байланыс кітапшасының әлеуетін пайдалануды ұсынады, өйткені онда жазылған байланстар адамды әр қырынан біледі және бізге күнделікті өмірде көрінетін жағымды және жағымсыз қасиеттерімізді айта алады;, - дейді автор.
Желінің тағы бір маңызды артықшылығы – пайдаланушы өз құпиясымен телефон кітапшасының барлық байланстарымен жасырын түрде бөлісе алады. Getemotions қосымшасының көмегімен анонимді чаттарда адамдар жақындарының құпияларына қандай пікір білдіретінін анықтауға болады. Пайдаланушы өз құпиясымен жасырын бөлісе отырып, ақыл- кеңестер ала алады, басқа адамдардың пікірін тез біле алады.
Жобаның идеясын автор өз командасамымен бірлесіп, үш жыл бойы ойластырып, падемия кезінде жүзеге асырған. Жоба жетекшілері
қазақстандықтарға Getemotions желісі жаңа серпін әкеліп, уақыт өте келе жаһандық әлеуметтік желіге айналарына сенімді.
PlayMarket:https://play.google.com/store/apps/details?id=pro.maximus.aicall 
App Store: https://itunes.apple.com/app/id1577350733 
Байланысушы тұлға: Айтуған Омаров
тел: +7 707 863 0077
email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.