ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нархоз университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған. 2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-да электрлік байланыс инженері. 2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м.а. 2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры 2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында қызмет етті. 2018-2021 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. |