Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы ойынға тәуелділікпен күресудің жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп халық арасында құмар ойындарға тәуелділіктің өсіп келе жатқан мәселесіне қатысты азаматтарға арналған жаңа сервисті іске қосты.

EGov mobile мобильді қосымшасында құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу жөніндегі сервис қолжетімді болды, ол азаматтарға 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өзін-өзі шектеу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл қадам құмар ойындарға тәуелділікпен күресу процесін жеңілдетуге, оның өзін-өзі шектейтіндер тізіміне кіруге кететін уақытты қысқартуға және қазақстандағы лицензиясы бар ойын мекемелерінен дереу шығару құралын ұсынуға бағытталған. Бұрын бұл процедура көп уақыт пен күш-жігерді қажет ететін болса, қазір цифрландырудың арқасында ол қолжетімді әрі жылдам болып отыр.

Заңнамалық шаралар құмар ойындарға қатысуын шектеуді қалайтын тұлғалардың деректерінің құпиялығын қамтамасыз етеді, үшінші тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізуін болдырмайды және ойын ұйымдарының жеке сұраулары арқылы қатысушылардың мәртебесін тексеруге кепілдік береді.

Бастама құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты тәуекелдерді азайтудың тиімді шешімі болып табылады, сол арқылы Қазақстан азаматтарының қоғамдық әл-ауқаты мен денсаулығына ықпал етеді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі