Сауд Арабиясының астанасында өткен LEAP 2024 беделді технологиялық форумы аясында Tumar Venture Fund LP қорының білім беру технологиялары саласындағы портфельдік компаниясы – қазақстандық стартап "CodiPlay" "Artificially Intelligent Learning Assistant" компаниясымен стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою Технологияларды дамытудың ұлттық бағдарламасы мен Сауд Арабиясының Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің қолдауымен өтті, ал Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігіндегі елшілігі және Орталық Азия стартаптарына Таяу Шығыс нарығына шығуға көмектесу үшін Қазақстанның Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Al-Farabi Innovation Hub қолдау көрсетті. Бұл серіктестік Сауд Арабиясының 200 мектебінде "CodiPlay" озық білім беру инновациялық шешімдерін енгізуге жол ашады.

CodiPlay стартабы – жаһандық экспансияға арналған перспективті қазақстандық EdTech стартаптарының бірі. Бұл стартап Astana Hub резиденті және 2021 жылы Seed Money бағдарламасы аясында Astana Hub-тан қаржыландырылған.

CodiPlay - бұл оқушылардың IT сауаттылығын дамытуға бағытталған кешенді білім беру шешімі. CodiPlay қолданбасы мобильді ойындарды пайдаланып Scratch, C++ және Python тілдерінде бағдарламалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Компания жүйесінде қосымшадан бөлек, бағдаршамнан бастап ақылды үй жүйесіне дейінгі әртүрлі IoT (Internet of Things) жобаларын жасауға арналған макеттер мен бөліктерден тұратын CodiKit" жиынтықтары да бар. Сондай-ақ, стартап мұғалімдерді қолдау мақсатында "CodiTeach" веб-платформасын да дайындаған.

Осы стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде "CodiPlay" Сауд Арабиясы аумағында білім беру инновацияларын дамытудың жаңа тарауын ашуда. Бұл серіктестік пен стартап өнімінің 200 жергілікті мектептің білім беру процесіне енгізілуі компанияның патшалықтағы ықпалының едәуір кеңейетіндігін көрсетеді. Инновациялық өнімді енгізу IT технологиялар секторында білім беру сапасын жақсартуға және жастарды болашақ мамандықтарына дайындауға бағытталған Vision 2030* бастамасының негізгі мақсаттарына тікелей ықпал етеді.

Өз кезегінде, "AILA" үшін бұл одақ Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индонезия және Катар сияқты "CodiPlay " жүйесіне интеграцияланған елдердің білім беру жүйелеріне ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл "AILA" стратегиялық қадамы "Codiplay"құрған жаһандық білім беру желісіндегі ықпалды кеңейту арқылы Сауд Арабиясы шеңберінде ғана емес, одан тыс жерлерде де білім беру дайындығы мен технологиялық құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Codiplay СЕО Жанаділ Талдыбаев осы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті: «Біз білім сапасын арттыру бойынша ортақ мақсаттарды бөлісіп қана қоймай, осы мақсат елдің тұрақты болашағын құрудағы ерекше маңызды екеніне кәміл сенеміз. Біздің "AILA" - мен серіктестігіміз инновацияға деген қарапайым ұмтылыстан қана емес, бұл біздің осы ауқымды өзгерістерге қосқан үлесіміздің кепілі. Біз бірлесіп жастарды тек озық технологиялармен ғана емес, сондай – ақ олардың серпінді өзгеріп жатқан әлемде сәтті бейімделуіне және өркендеуіне мүмкіндік беретін терең біліммен қамтамасыз етуге тырысамыз».

Серіктестік туралы өз ойын білдіре отырып, Юсеф Альсаид, AILA директоры: «AI Learning Assistant (AILA) мен "CodiPlay" арасындағы ынтымақтастық Сауд Арабиясының білім беру жүйесі шеңберінде, оның ішінде IT-білім беру саласында Vision 2030 бағдарламасының негізгі мақсатына тамаша сәйкес келетін жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Біздің мақсатымыз - технологиялық дамуға ықпал ететін IT энтузиастарының жаңа буынын тәрбиелеу. Біз бірге еліміздің балаларына пайдалы болатын және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағына, сондай-ақ білім берудің жаңа стандарттарын белгілей отырып, әлемдік деңгейге шығуға мүмкіндік беретін IT-білім берудің инновациялық моделін жасай алатынымызға сенімдімін».

Меморандумға қол қоюға қолдау көрсеткен Tumar қорының жетекшісі және Al-Farabi Innovation Hub-тың негізін қалаушы Аслан Сұлтанов өз әсерімен бөлісті: «AILA мен CodiPlay күштерін біріктіріп жатқанын көргеніме өте қуаныштымын. Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы бұл ынтымақтастық жаңа көкжиектерді ашады. Енді біз Al-Farabi Innovation Hub-ын ашқаннан кейін, халықаралық серіктестер, инвестиция және Таяу Шығыс аймағында өз бизнесін кеңейту мүмкіндіктерін ала алатын стартаптардың санын көбейтеміз деп үміттенеміз».

Бұл меморандум Сауд Арабиясы мектептерін халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін заманауи, тиімді және инклюзивті білім беру құралдарымен қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл серіктестік "CodiPlay"-дің жаһандық кеңеюге ғана емес, сонымен қатар білім беру арқылы Сауд Арабиясының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. "AILA" - мен ынтымақтастық және елдің білім беру жүйесіне "CodiPlay" өнімдерін енгізу инновациялық білім беру ландшафтын нығайтуға және басым салаларда білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді. Бұл сонымен қатар Vision 2030 бағдарламасының инклюзивтіліктің негізгі мақсаттарын көрсететін технологиядағы әйелдер мен қыздарды қоса алғанда, халықтың барлық топтары үшін тең білім беру мүмкіндіктерін жасайды.

Анықтама:

Codiplay смартфон арқылы бағдарламалауды үйренуге маманданған жүйе. Бұл жүйені үш негізгі компонент құрайды: C++, Scratch және Python бағдарламалау тілдерін аркада ойындары, 56 IoT жобаларын құруға арналған СodiКit робототехника жиынтығы және оқытушыларды қолдауға арналған СodiТeach веб-платформасы арқылы үйренетін СodiРlay қосымшасы. Бүгінгі таңда жүйеге Қазақстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Катар, Әзірбайжан және Индонезия мектептері қосылған. CodiPlay Астана хабының резиденті болып табылады және технопарк қатысушыларына берілетін салық жеңілдіктерін пайдаланады. Сайт: https://codiplay.kz/

AILA Сауд Арабиясында орналасқан және оның негізгі мақсаты әр студент үшін оқу процесін жекелендіруге бағытталған жасанды интеллектті пайдалана отырып, озық білім беру шешімдерін әзірлеу. Компания оқушылардың бірегей қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеретін, сол арқылы білім сапасы мен тиімділігін арттыратын инновациялық бағдарламаларды құруға негізделген. Сайт: https://aila.sa/

Al-Farabi Innovation Hub – бұл инновациялық хаб, оның тұжырымдамасы Қазақстаннан дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды Сауд Арабиясына тарту және олардың аймақтағы қоныс аударуына және/немесе өсуіне қолдау көрсету болып табылады. Орталық Азия мен Арабияның жақын байланыстары мен ұқсас дүниетанымдарын білдіру үшін өз заманының көрнекті ислам философы және ғұламасы ұлы Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фарабидің атымен аталған. Хабтың бас кеңсесі Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында орналасқан. Cайт: https://alfarabihub.com/

Tumar Venture Fund LP (бұдан әрі – Қор) – негізгі инвесторлары Дүниежүзілік банк және Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі болып табылатын, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі – FPIP) шеңберінде бірлесіп жұмыс істейтін венчурлық қор. FPIP жобасы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі институттарының әлеуетін нығайтуға бағытталған және инновациялық жобалар мен технологиялық стартаптарды іріктеу мен қолдаудың нарықтық тетіктерін енгізуді, сондай-ақ оларға жеке сектордың қатысуын ынталандыруды көздейді. Қордың басқарушы компаниясы White Hill Capital Ltd. Cайт: https://tumar.vc/

*Vision 2030 – Сауд Арабиясының тақ мұрагері бастамашы болған, корольдіктің мұнай өнеркәсібінен тәуелділігін азайтуға, экономиканы әртараптандыруға және мемлекеттің денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, демалыс және туризм секторларын ілгерілетуге бағытталған ауқымды бағдарлама.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі