Представители экспертного сообщества и государственных органов страны обсудили перспективы внедрения искусственного интеллекта в законотворческую деятельность и обозначили направления совместной работы в этой сфере. Совещание с участием Спикера Сената Маулена Ашимбаева состоялось сегодня в ситуационном центре Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.

Еліміздегі сарапшылар қауымдастығының және мемлекеттік органдардың өкілдері заң шығару қызметіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылап, осы саладағы бірлескен жұмыстың бағыттарына назар аударды. Аталған жиын бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ахуалдық орталығында өтті.

Палата Спикері өз сөзінде реформалардың тиімділігі және оларды дұрыс іске асыру көбіне заңнаманың сапасына байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жаңа формациядағы заңдар дайындауға ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты жұмылдырудың және оңтайлы заңнамалық шешімдер қабылдауға заманауи технологияларды қолданудың маңызы зор екенін айтты. Бұл ретте бүгінде түрлі салада айтулы нәтижелерге қол жеткізіп отырған жасанды интеллект тиімді тетік бола алады.

Сенат Төрағасының айтуынша, қазіргі таңда елімізде бұл сала құқықтық тұрғыдан толық реттелмеген.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы 2021 жылы ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуіне байланысты заңнамалық деңгейде базалық нормалар енгізілгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, Ақпараттандыру туралы заңда ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті айқындалған. Бұдан басқа, Министрлік Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

Одан бөлек, іс-шарада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының төрағасы Рүстем Биғари, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның төрағасы Ростислав Коняшкин, Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков, «Astana Hub»-тың бас директоры Мағжан Мәдиев, «Bizdin.ai» компаниясының бас директоры, Айбек Нұртазаев, TAG Consulting-тің басқарушы серіктесі Валерий Горлачев, Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов және тағы басқа сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйлеп, жасанды интеллект саласындағы жобаларын таныстырды.

«Қазақстанда IT секторының дамуында оң динамика байқалады, бұл жасанды интеллект саласындағы белсенді ілгерілеуге ықпал етеді. Дамыған ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы мен білікті кадрлардың болуы осы салада инновацияларға қолайлы жағдай туғызуда», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Отырыс барысында Data-Management саласындағы цифрлық шешімдерді реинжинирингтеу, заң шығару үдерісінің қазіргі жай-күйі мен цифрландыру мәселелері, сондай-ақ заң шығару саласындағы стартаптардың жалпы трендтері де талқыланды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/724666?lang=kk