ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлық инклюзивтілік және трансформация жөніндегі Азия Тынық мұхиты министрлік конференциясының декларациясы жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы кездесуіне қатысты.

Азия-Тынық мұхиты аймағы цифрлық технологияларға тең қолжетімділікті ұйымдастыруда үлкен мүмкіндіктерге ие және көптеген елдерде тұрақты дамуға ықпал етуде БҰҰ АТМЭӘК-пен бірлесіп жұмыс істеу шешуші рөл атқарады.

«Әр елде басқа елдерде қабылдануы мүмкін тиімді шешімдер бар деп есептеймін. Мысалы, 2023 жылы біз Тәжікстан Республикасымен SDU, Smart Bridge, Gov.kz әзірлеу тәжірибесімен бөлістік. Біз серіктес елдерге табысты және дәлелденген өнімдерді тегін ұсынамыз. «Бөл және билік жаса» идеясынан «біріктір де жетілдір» идеясына көшетін уақыты келді»,- деді Бағдат Мусин.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі