2024 жылғы 1 ақпанда Астана қаласында халықаралық дербес деректерді қорғау күні аясында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясы мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының қолдауымен Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар офисі ұйымдастырған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері мен адам құқықтары саласындағы сарапшылар Қазақстандағы цифрлық құқықтарға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Адбикаликов Руслан спикер ретінде дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның заң шығармашылық қызметі туралы атап өтті. Оған қоса, ол Комитеттің 2024 жылға арналған дербес деректерді қорғау мәселесі бойынша жоспарлар туралы хабарлады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/698764?lang=kk