Қазақстандағы алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі «Алтыналмас АК» АҚ ZIIoT («Цифра» КТ жасақтамасы) заттар интернеті платформасында өндірісті басқару жүйесін өрістетуде. Платформа және өндірісті басқару сервистерінің бір бөлігі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» кен орнында енгізілді. Келесі кезең – өндірістік кесте мен энергетикалық теңгерімді оңтайландыру жағынан жүйенің функционалын дамыту және оны «Долинное» кен орнында тираждау. Бұл «Алтыналмас» 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Цифрлық кеніш» ауқымды бағдарламаларының бірі.

Жобаның бірінші кезеңі аясында «Пустынноеда» ZIIoT-ты ERP, SCADA, персоналды басқару, наряд-тапсырмаларды бақылау жүйелерімен, зертханалық, тау-кен-геологиялық және алтын шығару фабрикасы мен бағалы металдар өндіру зауытының басқа да ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізіледі. Осылайша бірыңғай цифрлық қабат құрылады: қайта өңдеу бойынша өндірістік деректер енді платформада жинақталып, біріктіріледі және ол деректер негізгі пайдаланушыларға жедел режимде қолжетімді болады. Бұдан басқа, платформа негізінде қосымшалар жасау үшін инфрақұрылым жасалып, диагностикалық жүйе енгізілді.

Кен орнында өндірісті басқару мақсатында диспетчерлеуді автоматтандыру және сапаны бақылау үшін бірқатар қолданбалар енгізілді, зертханалық үдерістер цифрландырылды және металл теңгерімі бойынша блок жасақталды. «Алтыналмас» басшылығы диспетчерлеу қызметтерінің көмегімен әлемнің кез келген интернет бар жерінен өндірістегі нақты жағдайды барлық өндірістік жүйелерден жинақталған деректер арқылы көре алады, ал сапаны бақылау қызметтері кәсіпорын технологтарына кенді қайта өңдеу кезіндегі технологиялық үрдістердегі ауытқуларды жедел анықтауға және оларды жоюға мүмкіндік береді. Зертхананы автоматтандырудың арқасында сынамаларды іріктеу және есептеу кезінде адам факторының әсері қысқартылды, бұл жалпы алғанда зертханалық сынақтардың сапасы мен тиімділігін арттырды, сапа туралы деректердің бірыңғай көзі құрылды, бұл деректерді өндірушілерге дереу беру жолға қойылды, ішкі құжат айналымы цифрландырылды және әдістемелер деңгейінде сыртқы зертханамен жіксіз интеграциялау іске асырылды. «Металл теңгерімі» блогы шеңберінде материалдық ағындардың сызбасы мен металды өңдеу үрдістерінің моделі жасалды, материалдық және тауарлық баланстар жинақталды, сапалық-сандық ағындарды жинау және мерзімді баланстық көрсеткіштерді есептеу автоматтандырылды, сондай-ақ есептік нысандар цифрландырылды. Бұл есепке алу кезінде шығындар мен қателіктердің пайда болу орнын тез анықтауға, жоспардан тыс шығындардың алдын алуға және материалдық-тауарлық теңгерім арасындағы үйлеспеушілікті азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның келесі кезеңдерінде өндірістік кестесін жасақтау және оңтайландыру және электр энергиясын толассыз есепке алу бойынша функционалын іске асыру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаны дамытуды жалғастыру жоспарлануда. Бұдан әрі өндірісті басқару үшін енгізілген платформа мен қолданбалы шешімдер «Долинное» нысанына жалғастырылады.

«Алтыналмас АК» АҚ АТ және корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті Жанара Аманжолова: ««Цифрлық кеніш» бағдарламасы біздің кәсіпорын деңгейінде ғана емес, бүкіл тау-кен металлургия саласы үшін де маңызды болды. Біз оның аясында 20-дан астам жобаны іске асырып келеміз, осының негізінде жасалып жатқан платформа мен қолданбалы сервистерді енгізу жобасы – маңызды жобалардың бірі. Ол барлық негізгі өндірістік үрдістерді қамтиды және кейінгі барлық цифрлық бастамаларымызды іске асыру үшін «отын» болатын өндіріс туралы деректерді жинайды», - деп түсіндірді.

«Цифраның» басқарушы директоры Павел Растопши: «Қолданбалы цифрлық шешімдерді құру және қолданыстағы жүйелермен интеграциялау мүмкіндігі бар және мұндай цифрлық платформа өндіріс міндетін айтарлықтай жеңілдетеді, компанияларға бизнес алдында тұрған міндеттерді тез әрі аз еңбек шығынымен шешуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді.

ZIIoT енгізу 2019 жылы басталған «Алтыналмас» және «Цифра» ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Цифра» компания үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ауысымдық тапсырмаларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін өрістетуді іске асырған болатын. Осы жүйенің көмегімен кәсіптеріне сәйкес қызметкерлер арасында тапсырмаларды үлестіру және ауысым алдындағы тексеру негізінде қызметкерлердің жұмысқа өтуін бақылау жүзеге асырылады.

Анықтама:
«Алтыналмас АК» АҚ - толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклінің компаниясы. Компанияның Қазақстан Республикасының төрт аймағында активтері бар: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, сондай-ақ Ақмола облысындағы «Ақсу-2», «Жолымбет», «Ақсу КГ» жобалары мен «ҚАЗАҚАЛТЫН ТКМК» АҚ объектілері.

«Цифра» компаниялар тобы – негізгі өндірістік үрдістердің операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық өнімдерді жасақтаушы. Компания заттар интернетін, машиналық оқытуды және жасанды интеллектті пайдалана отырып, өнеркәсіпті цифрландырудағы ресейлік технологиялар нарығының көшбасшысы және халықаралық деңгейде цифрлық трансформация саласындағы үміт беруші серіктес болып табылады. Компания әлемнің 20 елінде 500-ден астам жобаны іске асырды. Оған тапсырыс берушілер – тау-кен өндірушілер, металлургия саласының кәсіпорындары, ауыр карьер техникасын өндірушілер.

«Алтыналмас Алтыналмас АК» АҚ баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін компанияның баспасөз қызметіне хабарласыңыз: Мадина Толебаева, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.