ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен «Ghalam» ЖШС «KazEOSat-MR» орташа ажыратымдылықтағы Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің топтамасын құру жөніндегі жұмыстарды орындау туралы шартқа қол қойды.

Салтанатты шараға ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР ЦДИАӨМ және ведомстволық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Шартқа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов және «Ghalam» ЖШС Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев қол қойды.

«KazEOSat-MR» спутниктер тобын құру жөніндегі жобаны іске асыруды отандық мамандар Астана қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде жүзеге асыратын болады.

Жобаны іске асыру  «KazEOSat-2» орташа рұқсаттағы жерді қашықтықтан зондтауға бағытталған қолданыстағы жерсерікті алмастыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде жерді қашықтықтан зондтау арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ ҚР экономикасының түрлі секторларының шағын және орта бизнес субъектілерінің негізінде құрылған деректер негізінде ұсынылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның берілген аумағын күнделікті түсіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үш ғарыш аппаратынан тұратын жүйе құрылады.

«KazEOSat-MR» ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені үшін ғарыш аппараттары өндірісінің әлемдік нарығына шығуы үшін алғашқы тапсырыс болады.

Ажыратымдылығы орташа қашықтықтан зондтау деректері экономика салаларын цифрландыру үшін кеңінен қолданылады. Ғарыштық мониторинг Қазақстанға қысқа мерзімде ел аумағы (оның ішінде алыс орналасқан және қауіпті аймақтар) туралы жедел мониторингтік ақпаратты алуда еркіндік бере отырып, табиғи ресурстарды барлау мен өндірудің тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығына жаңа тәжірибелерді енгізу, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын барынша азайту, қоршаған ортаны қорғау үшін бірегей шешімдерді ұсыну, климаттың өзгеруін бақылау салаларында жедел ақпарат алмасуға септігін тигізеді. 

Анықтама ретінде: 

ЖҚЗ деректері пайдаланылатын экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі - ауыл шаруашылығы саласы. Егін жинау қарқынын бақылау және егіс алаңдарына мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану мониторингі, жайылымдық өсімдіктердің жай-күйін, өнімділігін бағалау және т. б. кезінде орташа рұқсатты ғарыштық суреттер қолданылады.

Сондай-ақ, ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан алынған ғарыштық суреттер негізінде жасалған өнімдер мен қызметтерді пайдалану көптеген салалық міндеттерді шешуге және экономиканың түрлі бағыттарында, әсіресе мынадай салаларда мониторинг жүргізу үшін жоғары дәлдіктегі ақпарат алуға мүмкіндік береді:

- жерді ұтымды пайдалану мониторингі;

- егістіктерді, жайылымдық жерлерді мониторингілеу;

- орман, су ресурстарының мониторингі;

- өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының мониторингі;

- кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру орындарының мониторингі;

- төтенше жағдайлар мониторингі;

- елді мекендер ішіндегі аумақтарды заңсыз пайдалану мониторингі;

- құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу аймақтарын мониторингілеу;

- трансшекаралық өзендердің өзгеруіне мониторинг жүргізу.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/583708?lang=kk