Digital Almaty халықара цифрлық форумында "әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында цифрландыру" атты дөңгелек үстел өтті.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова бүгінде Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі белсенді дамып келе жатқанын, алайда оның едәуір бөлігі ұсақ және шағын бизнес сегментінде шоғырланғанын атап өтті.

"Ұлттық комиссия шеңберінде Қазақстанның әр облысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарын ашу жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл бірегей жоба, сол себепті кәсіпкерлік кодексінде "әйелдер кәсіпкерлігі" ұғымы болмаса да, біз осы бағытта қозғаламыз. Бұл - кәсіпкер әйелдердің зор еңбегі! Бүгінге дейін осындай 20 орталық ашылды, көрсетілген қызмет саны 30 мыңнан асады", - деді ол.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Әсет Тұрысов мемлекеттік қызметтерді сервистен проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстардың қалай жүріп жатқанын айтып берді. Мұндай кешенді тәсілді алдымен әйелдер бағалауы керек.

Вице-министр бала күтіп отырған әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді тәсілді бала туу мысалында түсіндіріп өтті.

"Бұл адамның мемлекетпен тікелей байланыспай-ақ көмек пен қолдауды сезінетін «көрінбейтін мемлекет» қағидаты", - деді Тұрысов.

Кешенді талдау барысында болашақ ана санатына кіру, декреттік демалысты рәсімдеу, қандай да бір артықшылықтарға ие болу сынды көптеген әйелдер біле бермейтін ақпараттар берілді. Шенеуніктер мемлекеттік қызмет алу үшін әйелдер толтыру керек қағаздар мен түрлі рәсімдер санына таңқалды.  Қазір, оның айтуынша, барлық рәсімдер көп дегенде бір сағат уақытты алатындай және құрылым қызметкерлерімен тікелей байланыссыз қызмет көрсету кешені пысықталуда. Бұл сөзді қатысушылар зор қошеметпен қоштады.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі ұлттық сарапшы Светлана Жақыпова қазір іске асырылып жатқан, түрлі мемлекеттік органдар мәліметін жинақтайтын арнайы ақпараттық жүйе - "Отбасының цифрлық картасы" жобасы туралы айтып берді. Бұл жүйе азаматтардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтауға және оларға проактивті форматта кепілді мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

Спонсорлар:: Freedom Holding Corporation, CITIX, Jusan Bank, Bereke Bank, Kcell, Eurasian Resources Group/Business & Technology Services, AppStream, Tele2/ALTEL, Halyk Bank, Kazakhtelecom, ALSI Integrations, Dell Technologies, Nurbank, VK Cloud

Ақпараттық серіктестер: Kapital.kz, Kursiv.media, LSM.kz, NUR.kz, STEPPE, Zakon.kz, CITIX, HeadHunter.kz, Sxodim.com, Qamalladin Media, The Astana Times, WEproject.media, DigitalBusiness.kz, BlueScreen.kz, THE TECH, Limon.kg, Manas.news, DKNews.kz, Armenpress, MyBusiness.kz

 БАҚ үшін байланыстар

 ЦДИАӨМ  баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617

Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190

ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056


https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/499336?lang=kk