Кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржылық қолдау ұсынылады

Өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдары өндірісінде импорттық өнімді алмастыратын негізгі инвестициялық жобалар пулын іске асыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биылғы жазда бизнесті мемлекеттік ынталандыру бағдарламасын іске қосады. Онда жеңіл шарттармен қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту және кадрлардың біліктілігін арттыру шаралары көзделген.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларына пайыздық мөлшерлеме 3-тен 7%-ға дейін болады деп көзделген.
Жеңіл шарттармен қаржылай қолдау алу үшін:
- жобаның басым бағыттарға сәйкес келуі (міндетті түрде қайта өңдеу саласына жатқызылуы);
- Шағын және орта бизнес субъектісі болуы (ҚДБ қаржылық қолдауын пайдаланатындарды қоспағанда) тиіс.

Бағдарлама биыл жаздың ортасында іске қосылады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін БАҚ-та ақпарат ашық жарияланады.
"Құрметті бизнес қауымдастықтардың өкілдері, егер жобаларыңыз көрсетілген негізгі өлшемдерге сәйкес келсе, көрсетілген тікелей орындаушыларға хабарласуды сұраймыз. Барлық мәселелерді өз құзыретіміз шеңберінде қарастырып, пысықтауға дайынбыз", - деп мәлімдеді министр.
Қайырбек Өскенбаев сондай-ақ, бірінші кезеңде 131 негізгі жобаны іске асыру 5,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін, оның 1,3 трлн-ы ғана бюджеттік несие түрінде бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ, Министрлік ел ішіндегі салааралық кооперацияны қамтамасыз ету және әлемдік деңгейдегі өнім берушілерді дамыту шараларын қолданады.
Ұсынылатын қолдау шаралары шеңберінде бизнес үшін жұмыскерлердің жалақысын көтеру және қаржыландырылатын зауыттар айналасында өндірістік тізбеге енгізілген шағын және орта кәсіпорындардың белдеулерін құру сияқты қарсы міндеттемелер енгізіледі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі импортты алмастыру бағдарламасы бойынша тікелей орындаушылардың байланыс нөмірлері:

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті
Басқарма басшысы Досжан Әлібеков
+7 775 333 33 66; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"QazIndustry" ҚИЭО " АҚ
Жоба тобының жетекшісі Дәурен Байдүйсенов
+7 776 110 16 39; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Қазақстанның даму банкі"АҚ
Басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов
+7 701 534 01 88; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ
Төраға орынбасары Ринат Гаппаров
+7 701 777 46 28; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Баспасөз қызметі ұсынған ИИДМ РК