ҚР Үкіметінің кезекті отырысында ҚР Көлік министрлігінің өкілі жол-көлік
оқиғалары кезінде өлім-жітімді төмендетуге бағытталған бірқатар шараны
атап өтті.

Министрдің міндетін атқарушы Талғат Ластаев жол-көлікоқиғасыназайту
бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, үйлестірілген іс-қимылдарды
қабылдауды талап ететін бірқатар мәселе назардан тыс қалып отырғанын атап өтті.
«Біріншіден, жол-көлік оқиғасы орын алған кезде алғашқы медициналық
көмекті жедел көрсету өте маңызды. Республикалық жолдардың бойында 40
медициналық-құтқару пункті бар. Қозғалыс қарқындылығының артуын ескере
отырып, аталған пунктерді одан әрі дамыту керек. Республикалық
жолдардың бойында бүгінде тағы 10-ға жуық пункт ашу қажет», - деді
баяндамашы.
Сондай-ақ министрдің м.а. жолдарда мал жаятын үй жануарларының
иелеріне қатысты жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
«Әлихан Асханұлы, күн сайын үй жануарларының жолға шығып кетуі
салдарынан жол-көлік апаттарының саны артып келеді. Әкімдіктер мал жаю
ережелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі
қажет», - деп атап өтті Т.Ластаев.
Жедел шешімді талап ететін келесі мәселе жол бойындағы ұялы және
интернет байланысын дамыту төңірегінде болды. Баяндамашының айтуынша, бұл
шара апат кезінде шаралар қабылдау барысындағы маңызды фактор. Министрлік
өкілі «Қызылорда-Жезқазған» учаскесінде пилоттық режимде талшықты-
оптикалық байланыс желісін орнату көзделгенін хабарлады.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі